Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтуде

02.10.2018

Астанада кешеден бері Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Бұл ауқымды жиынға әлемнің 63 елінен өкілдер келген. Жыл сайын өткізіліп тұратын кеңесте әдетте энергетика саласындағы үлкен мәселелер шешімін тауып жатады. Астанадағы жиында мұнай-газ нарығын дамыту, инновациялық технологиялар, энергетика ресурстары талқылануда. Еліміз үшін нақты пайдасына келсек, Дүниежүзілік мұнай кеңесі отырысының Қазақстанда өтуі еліміздегі өндіріске инвестиция тартуға мүмкіндік береді екен. 

Тор Файеран, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті:

- Дүниежүзілік мұнай кеңесін әрі қарай да дамыта бермекпіз. Осылайша, энергетика саласындағы әлемдік мәселелерді шешеміз. Қазірдің өзінде де атқарған жұмысымыз ауқымды. Бұл саланы дамытуға және мұнай бағасын тұрақтандырып отыруға жол ашады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу