АЭФ аясында Корпоративтік басқару кодексі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ аясында Корпоративтік басқару кодексі талқыланды

23.05.2014
АЭФ аясында Корпоративтік басқару кодексі талқыланды
«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы сарапшылармен корпоративтік басқарудың әлемдік тәжірибесіндегі соңғы ағымдар туралы пікір алмасты.
 
VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясының аясында, «Самұрық-Қазына» АҚ «Корпоративтік басқару және қосымша құн» тақырыбында панельдік сессия өткізді.
 
Сессияға Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының, Халықаралық қаржы корпорациясының, Британдық директорлар институтының, Британдық корпоративтік хатшылар мен әкімшілер институтының өкілдері, шетелдік корпоративтік басқару жөніндегі мамандар, мемлекеттік және жеке компаниялардың тәуелсіз директорлары, Қазақстан қор биржасының мамандары қатысты.
 
Жиынға қатысушылар Қазақстан мен әлемдегі корпоративтік басқарудың соңғы үлгілерімен танысып, қазақстандық компаниялардың инвестициялық тартымдылығы мен ұзақ мерзімді құнын арттыру үшін корпоративтік басқарудың озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу тақырыбында пікір алмасты.
 
Сондай-ақ, Корпоративтік басқару кодексі мен директорлар кеңесінің ролін талқылады.
 
Кездесу нәтижесінде осындай пікір алмасуларды 2015 жылы өтетін VIII Астана экономикалық форумы аясында да өткізу туралы шешім қабылданды.

Хабарламаларға жазылу