Қазақстан жастары 12 инновациялық жобаны таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жастары 12 инновациялық жобаны таныстырды

29.09.2014
Қазақстан жастары 12 инновациялық жобаны таныстырды

Атырауда мұнай-газ саласында «KAZENERGY» оқыту бағдарламаларының түлектері 12 бірегей инновациялық жобаны таныстырды, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Атырауда өтіп жатқан «KAZENERGY»: «5 жыл - нәтижелер мен жоспарлар» атты стипендиаттар слетінде қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған отандық кәсіпорындарға және  жоспарланған инновациялық жобаларды іске асыру үшін мамандар керектігі сөз болды.  

«KAZENERGY» білім беру бағдарламасы бойынша бірнеше жас мамандар дайындап шығарылады.

Айта кетейік, жыл сайынғы «KAZENERGY – көшбасшылық пен инновация» Жастар форумы Атырау қаласында екі ел президенттерінің қатысуымен өткізілетін Қазақстан мен Ресейдің «Көмірсутегі саласындағы инновациялар»  атты XI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өткізіледі.

Хабарламаларға жазылу