Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

27.09.2022

Мұнда президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, зиярат етті. Ел амандығын, халқымыздың бірлігін тілеп, дұға жасады. Кейін өңір жұртшылығымен кездесті. Президенттің айтуынша облыс жаңа кейіпке еніп, қарқынды дамып келеді. Тартылған инвестиция 8 есе артты. 64 мың жұмыс орны ашылды. Түрлі нысандардан бөлек, 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынды. Әрі Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси ахуалға тоқталды. Айтуынша еліміз бейтарап ұстанымда болады. Біз үшін бейбітшілік маңызды. Осындай күрделі жағдайда адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдық танытуымыз керектігін айтты. Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек деді Президент. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң аясында жүргізіледі. Мемлекет басшысының сөзінше барлық мәселе ұлттық мүдде жолында біртіңдеп шешімін табады. 

Марат Досжанұлы

Хабарламаларға жазылу