Анкарада қазақ мультфильмі көрсетілді
Түркия астанасы Анкара қаласында «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» атты қазақ мультфильмінің премьерасы өтті. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Түркі тарихы мен мәдениеті қоры ұйымдастырған шара балалар жылына орайластырылған. Токиодағы халықаралық фестивальде «Үздік анимация» номинациясын иеленген туындыға түркиялық көрермен де жоғары баға берді. Тіпті қазақша мультфильмді түрік балғындары аудармасыз-ақ түсінгендерін айтады.
Қызықты анимациялық дүниені жарыққа шығару үшін авторлар 4 жылдан аса еңбектеніпті. Ұйымдастырушылар дәл осындай кешті Анталия мен Ыстамбұл қалаларында да жалғастыруға ниетті.
Эва Аташ, көрермен:
Өте әдемі мультфильм. Маған қатты ұнады. Жартысын түсіндім. Жартысын әкем аударып беріп отырды.
Үміт Жұбанышева, мультфильм авторы:
Әкем ылғи да айтатын:«шаңырақтың иесі жоқ, мына дүние кімге қалады, менің өмірім осымен бітеді», - деп. Осыны кішкентайымнан есітіп, қатты қиналатынмын. Әкемді жақсы көремін керемет. Сол бір жақсылық жасағым келіп, сол шаңырақтың иесі деген затты әкеліп, әкемді қуантсам деп ойлайтынмын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18