Ресей астанасында ашылған көрмеде әртістің өмірі мен шығармашылығының әртүрлі қырын танытатын 30-дан астам фотосурет қойылған. 7 бөлімнен тұратын көрмедегі фотосуреттердің әрқайсысы Роза Бағланованың мағыналы өмірінің жарқын сәттерін ғана емес, сонымен бірге бүкіл дәуірдің өрлеуін де бейнелейді. Ал концерттік бағдарламада отандық жұлдыздар өнер көрсетті. Айта кетейік, әншінің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енген.
Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:
Біз Қазақстан жұлдыздары Мәскеуге келіп, Қазақсанның мәдени күндерін өткізіп жатырмыз. Бұл күндердің тақырыбы - Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы. Тіпті кішкентай балаларға дейін Роза апамыздың әндерін орындайды. Себебі бұл Роза апамыздың бізге қалдырған мұрасы.