Минскіде алғаш рет Роза Бағлановаға арналған оқулар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Минскіде алғаш рет Роза Бағлановаға арналған оқулар өтті

07.04.2022

Әншінің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға түрлі мемлекеттердің өнертанушылары, музыка саласының мамандары қатысты. «КСРО халық әртісі әлемдік мәдени кеңістікке қазақтың ұлттық музыкалық өнерін биікке көтеріп кетті»,- дейді олар. Сонымен қатар шара барысында көрме ұйымдастырылып, әншінің сұхбатына негізделген «Өткеннің нұры» деректі фильмі көрсетілді. Айта кетейік, ғұмырында 60-тан астам тілде ән айтқан әншінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілмек.

Елена Куракина, Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры:
Бұл шара арқылы қазақ халқының ұлттық өнерімен, музыкасымен таныстық. Көрме барысында өткеннен сыр шерттік. Аты аңызға айналған Роза Бағланованың үні ерекше әнші екенін білдік, ол тек қазақ мәдениетін ғана емес, жаһандық мәдениетті насихаттаған әлем адамы.


Хабарламаларға жазылу