Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталды

28.02.2022

Елімізде Халық әртісі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталды. Қазақконцерт залында өнер иесінің эксклюзивті мүсіні таныстырылды. Туындыны мүсінші, гиперреалист Айдос Есмағамбетов жасаған. Сондай-ақ, Роза Бағланованың өнер жолын дәріптейтін көрменің ашылу салтанаты өтті. Жиынға ұрпақтары мен туған-туыстары қатысты. Қазақконцерт залында наурыз айының 1-і, 3-і және 6-ы күндері мерейтойға арналған мерекелік кештер өтеді. Ал өңірлерде 400-ге жуық шара, республикалық деңгейде – 25, халықаралық деңгейде 5 шара өткізу көзделген.

Тәжен Бағланов, Роза Бағланованың ұлы:

Мүсін анама қатты ұқсайды. Алғаш көргенде таң қалдым. Әйелім, балаларым, анамның немерелері бәріміз көзге жас алдық. Қолындағы орамалы, кейбір әшекейлері анамның өз заты. Пайдалануға рұқсат бердік. Меніңше анам тірі болса, мұндай өнерге өте жоғары баға берер еді.


Хабарламаларға жазылу