Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланды

05.10.2022

Күміскөмей әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Осыған орай, Париж төрінде ерекше дарын иесіне арналған концерт ұйымдастырылды. Қазақ мәдениеті мен өнері жарық жұлдызының мерейтойы ЮНЕСКО-ның айтулы күндерінің тізіміне енген болатын. Роза Бағланова - өнер әлемінде үлкен жетістікке жетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген тұлға. Ол бүкіл дүниежүзін шарлап түрлі тілдерде ән салды. Роза Тәжібайқызының репертураныдағы шығармалар өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. Әр тыңдарманның жүрегінен орын алған әндер әлі халық жадында сақталып келеді.

Нұржамал Үсенбаева, ҚР Халық әртісі:

Осындай керемет концертке қатысқаным мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені Роза Бағланова біздің еліміздің тұлғасы. Бұл концерт 100 жылдыққа арналған. Бұл біздің қазақ өнеріміз.

Элеонора Восси, музыкалық театрдың директоры:

Қойылым маған қатты әсер етті. Мен біздің театрдың көрермендері дәл осындай керемет қойылымды көргенін қалаймын. Қазақ мәдениетін сан қырынан көрсету қажет. Көрермендерді жақын таныстырғым келеді.


Хабарламаларға жазылу