Алматыда кибер қауіпсіздік бойынша өңір аралық оқу-жаттығу басталды
Қазір әлемде саяси шиеленістер жиі болады. Осы кезде елді кибер шабуылдан қорғайтын мамандардың саны мен сапасын арттырған жөн. Алматыда «ТМД және Араб елдері үшін кибер қауіпсіздік бойынша өңір аралық оқу-жаттығу» шарасы басталды. Оған Орта Азия және Америка, Еуропа елдерінің, БҰҰ-ның сарапшылары қатысып жатыр. Мақсат - халықаралық кибер қауіпсіздікті күшейту. Олардың сөзінше, технология дамыған заманда бұл мәселе өте өзекті. Шара барысында әлемнің 20 мемлекетінен жиналған 16 команда өзара тәжірибе алмасып, Қазақстандық инженер, айти саласының мамандарына ақпаратты қорғаудың тың тәсілдерін үйретеді. Мұндай ауқымдағы шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Олжас Сатиев, Кибершабуылдарды бақылау орталығының президенті:
Киберқауіпсіздікді қаматамасыз ету үшін мемлекет жыл сайын серверлер мен антивирус немесе файрволдарды сатып алуға қыруар қаржы жұмсайды. Десе де ең алдымен оның бәрін жүзеге асыратын сапалы мамандар керек екенін түсінген жөн. Осындай шаралар отандық инженерлер, айти саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және арнайы кадрларды даярлауға септігін тигізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады
01.04.2026, 20:12
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
Суды үнемдеуге бөлінетін субсидия 4 есе өсті
01.04.2026, 20:09