Азаматтар құтқарушы, өрт сөндіруші болғылары-ақ келеді, бірақ, жалақыны естігенде екі ойлы боп қалады. Бүгін баспасөз мәслихатында төтенше өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов осылай деді. Қазір, өрт сөндіруші жауынгер қызметінің бастапқы жылдары 115 мың теңге жалақы алады екен. Ал, еңбек өтілі ең көп дегені, яғни 20 жыл өрттің өтінде жүрсе айлығы 200 мың теңгеден сәл асады. Дәл қазіргі кезде елімізде өрт сөндіру бағытында 19 мыңнан аса қызметкер бар және олардың жалақысы алдағы уақытта өсуі мүмкін - деді , Дмитрий Титов.
Дмитрий Титов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
Ертең министрлік басшылары Премьер-министрдің қабылдауына барады. Сонда тап осы мәселе қозғалып, нақты бір шешімдері шығады. Тағы айта кетейін дегенмін, министрлік басшылығы тарапынан бұл мәселемен айналысып жатырмыз.