Оралда сұйытылған газ тапшылығы туындады
Оралда сұйытылған газ тапшылығы туындады. Кей бекеттерде ол талонмен беріліп жатыр.
Көлік жүргізушілері жанармай құю стансаларынан автогаз таба алмай жатыр. Кейбірінде тек талонмен ғана беріледі. Оның өзі үш-төрт жерде. Құзырлы мекеме басшылығы мұның себебін Ақтөбе мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен түсіндіреді. Соның салдарынан тасымал кешігіп отыр. Жалпы облыс бойынша 3 мың тоннадай сұйытылған газ қалған. Бұл - өңірдің қажеттілігіне берілетін бір айлық көлем. Бірақ сұраныс қазір бұл мөлшерден асып кеткен.
Миржан Нұртазаев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Зауыттың жыл сайынғы жөндеуге тоқтауынан сұйытылған мұнай-газ жолда кешігіп жатыр. Көбінесе қазіргі таңда ең үлкен сұйытылған газ жеткізетін заправкалар жұмысын істеп жатыр. Олар «Алау», «Тәуекел», «БГХС». Ал қалған кішкентай стансалар көлемі бітіп қалып, соны күтіп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06