Өрттен зардап шеккендерге еріктілер де көмектесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрттен зардап шеккендерге еріктілер де көмектесіп жатыр

05.09.2022

Өрттен зардап шеккендерге еріктілер де барынша көмектесіп жатыр. Қазіргі таңда әр аймақта олардың жедел штабтары құрылды. Қостанай облысында 300-дей волонтер сондағы отбасыларға қол ұшын берді. Елордалық еріктілер желісі өкілдері Қостанай облысының қоймалары бірінші кезектегі көмек түрлерімен қамтамасыз етілгенін айтады.

Ендігі мақсат баспанасынан айырылған 106 отбасына тұрмыстық техника мен құрылыс заттарын жеткізіп беру. Материалдық көмектен бөлек, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Өңірлердегі штабтардың барлық үйлестіру жұмыстары елордалық Ұлттық еріктілер желісінің орталығынан басқарылады.

Айбек Досымбетов, «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің үйлестірушісі:

Бірінші қажеттілігі бар азық-түлік бар, киім-кешек бар. Бұның барлығына жеткілікті толық ол жақтағы қоймалардың барлығы. Қазір барлық Республика бойынша осы бағыттағы жұмысты бүгінгі күнде тоқтатып жатырмыз. Қазір тек қайырымдылық қоры ашылды. Соған қаржылай ғана көмек көрсетуге шақырып жатырмыз. Еріктілер де әр аймақта осы бағытта жұмыс жасап жатыр.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу