Бакуде Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасы табылды
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған 5 маусымда басталған «Ахаң жүрген жолмен» экспедициясы мәреге жетті. Мақсат – ұлт ұстазының табаны тиген жерлерді аралап, танымдық деректер жинау. Алдымен Қарқаралыда, Ақтерек ауылында өлкетанушы ғалымдармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. 1932-1933 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы жер аударылған Ресейдің Архангельск қаласында болып тұрған үйін таспаға түсірді. 1926 жылы түркологтар жиыны өткен Әзербайжан астанасы Бакуге де ат басын тіреп, құнды деректерге қанықты. Сапар соңында Алматы маңында Ахаң атылған Жаңалық ауылындағы қорымнан топырақ алып, кіндік қаны тамған өлкеге жеткізді.
Абылай Мауданов, экспедиция мүшесі:
Мұнымен жұмыс бітпейді. 25-30 минуттық фильм дайындалады. Болашақта кітап жазу жоспарда бар. Өйткені Ахаңның өмірі мұынмен толық қамтылған жоқ. Ахаңның жүрген сапарын бәрін тізіп шықсақ деген ойымыз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53