Басты Жаңалықтар Ақтөбелік сарбаз психикалық орталықтан бір-ақ шықты

Ақтөбелік сарбаз психикалық орталықтан бір-ақ шықты

Оралдағы 55/17 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген ақтөбелік сарбаз психикалық денсаулық орталығына түскенін туыстары екі апта өткен соң бір-ақ білген. Айтуларынша, әскери бөлімнен ешкім хабарласпаған. Олар «баланы біреулер ұрып-соққан болуы мүмкін» деп отыр. Сарбазды үйлеріне алып кеткісі келеді. 

Тойбазар Аманбаев сарбаздың әкесі:

Бала алып кет дейді. Ем қонбайды деп. Ұрған, төбелескен. Жабылып бастан тепкен. Қараптан қарап неге ақылынан ауысады?! Әңгіме сонда ғой.

Алайда әскери бөлім командирі сол күні сарбаз Арман Қайрош беталды сөйлеп, өзін жайсыз ұстағанын айтады. Оған «бейімделудің бұзылуы» диагнозы қойылып, психикалық ауруханаға дәрігерлердің бақылауына жіберілген. Сарбаздың әскерге жарамды не жарамсыздығы ауруханадан шыққан соң белгілі болмақ.

Ольга Балабанова, Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері:

Науқас бізге түскенде өткір психиаторлық жағдайда болды. Денесінде көгерген не жырылған жарақат байқалмады. Қазір жағдайы жақсарды. Психоздан шығып келеді. Адекватты.

Сағындық Әлқайдаров, 55/17 әскери бөлім командирі:

Ол «біреу мені ұрды» деп ешқандай шағым айтпаған бала. Туған-туысқандары бізге хабарламады деп сұрақ қойды ғой. Психологым жылдық демалысында. Ол 1-і күні демалыстан шыққан соң, осы сұрақты қойып, қай жерге, кімге звондағанын біліп, айта алам.



Бөлісу