Жанармайға талас: Балқаштық жүргізушілер бекеттердегі әділетсіздікке наразы
Балқаш қаласындағы жанармай бекеттерінде шу шықты. Жүк көліктерінің жүргізушілері сұйық отын құюдағы әділетсіздікке наразы.
Олар әлеуметтік желіге жариялаған бейнежазбадан станция басында ұзын-сонар кезекті байқауға болады. Жүргізушілердің айтуынша, отандық көліктерге дизельді отын лимитпен тек 50 литрден ғана, ал шетелдіктерге толтыра құйып алуға рұқсат етілген. Себебі оларға белгіленген баға басқа. Одан бөлек, шетелдік жүргізушілер төлемнің үстінен қосымша тағы ақша береді, дейді қазақстандық көлік иелері. Осының кесірінен кезегін күткен отандық жүк көліктері бірнеше сағаттап тұруға мәжбүр. Ал әкімдік өкілдері бұл бір ғана бекетте уақытша орын алған жағдай, жалпы облыс төңірегінде жанар-жағармай тапшылығы жоқ дейді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54