Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Сәлімжан Нақпаев пен Нұрлыбек Ожаев Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» еңбек ұжымымен кездесті. Мұнайлы өлкеде мұнай саласына қатысты мәселелер қаузалды. Жиында экологиялық ахуал да сөз болды. Өңірдегі Индер-Қарабау тас жолын уақтылы бітіру халық үшін маңызды. 5 жыл тұралап қалған жолдың қаражат мәселесі биыл шешілген. Депутаттар жауапты компания өкілдеріне сапаға назар аудару керегін ескертті. Жиында Атырау Астрахан тас жолындағы күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәселелер көтерілді
Нұрлыбек Ожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Атырау-Астрахан трассасы атыраулықтардың шымбайына батқаны рас. Соған байланысты 4 негізгі мердігерлердің жоба есептерін тыңдадым. Барлығын жинақтап, тиісті министрліктер мен мемлекеттік органдарға көтеріп, әрі қарай жүргізілуіне шараларымызды алатын боламыз.
Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы ауыз су құбырының құрылысымен танысты. Құбыр желілерін және су қабылдау ғимараттарының құрылысын жүргізген «Интеллект Азия» ұжым өкілдерімен кездесті. Су құбыры «AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Қазір бұл ауылда 30 мыңнан астам халық тұрады.