Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды. Бакуде Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентті Ильхам Әлиевпен екіжақты кездесу өткізеді. Әрі кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді. Екі жақты ынтымақтастықтың көп қырлы мәселелерін қарастырады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.