Алматы облысында стоматологиялық клиника медициналық сақтандыру қорынан 66 млн теңге жымқырған
Алматы облысында жеке стоматологиялық клиника медициналық сақтандыру қорынан заңсыз жолмен қомақты қаражат алған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, алдымен клиника мен қор өзара 450 миллион теңгеге шарт жасасқан. Сосын бұрын емханаға келіп кеткен науқастардың жазбаларын пайдаланып, 4 жарым мыңнан астам медициналық қызмет көрсеткені туралы жалған есеп берген. Осылайша, мемлекетке 66 миллион теңге көлемінде шығын келді. Күдікті 11 миллион теңгені қайтарды. Тергеу аяқталғанша стомотология директорына өз үйінің аумағынан шығуға тыйым салынды.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Күдікті медициналық ақпарат «Дамумед» жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәлеметтер енгізуді ұйымдастырған. Нақтысында аталған әрекеттер науқастарға көрсетілмеген. Заңсыз әрекеттерге заңдылық сипат беру мақсатында күдікті кликанаға бұрын жүгінген пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15