Атыраулық отбасы ісі бойынша күдіктілер Қазақстанға жеткізіледі
Атырау облысында бір отбасының мүшелерін өлтірді деген
күдікке ілінген ерлі зайыпты осы айда Индонезиядан Қазақстанға қайтарылады. Бұл
туралы Сенат қабырғасында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов
мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, марқұмдардың екі ересек баласы – Мейрамгүл
Қарабалиева мен оның інісі Наурыз Мұқанғалиев әлі іздестіріліп жатыр. 6
қаңтарда жоғалған отбасының отағасы мен оның жұбайының денесі сарайдан табылған еді. 9 қаңтардан бастап
марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиевке күдікті ретінде іздеу салынды.
Жуырда ол зайыбымен Индонезияда ұсталды.
Санжар Әділов, Ішкі істер министрінің орынбасары:
Екі күдікті тұлға Индонезия мемлекетінен Қазақстанға жеткізіледі. Сол жұмысты біз белсенді түрде атқарып жатырмыз. Осы айда алып келеміз. Екі іздестіруде жүрген адамдарға қатысты тиісті шараларды өткізіп жатырмыз. Арнайы топ құрылды, Атырау облысында қызмет атқаруда.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16