Полицейлер оқушыларға дәріс оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер оқушыларға дәріс оқиды

24.08.2022

1 қыркүйек елімізде полиция қызметкерлері бес мың мектепке барып, балалар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша дәріс өткізеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен отырысында айтылды. Тергеушілер қылмыстық жауапкершіліктің түрлерін, есірткіге қатысты, жыныстық сипаттағы қылмыстардың салдарын түсіндіреді. Сонымен қатар биыл өзгеріс енгізілген заң нормалары туралы да айтып бермек. Оларға заңды түрде бекітілген кибербуллинг, қудалау, қорқыту ұғымдарын жатқызуға болады.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

Бүгінде балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарды жасырғаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жәбірленуші, күдікті және айыпталушы туралы мәліметтерді ақпарат құралдары арқылы таратуға заңмен тыйым салынған. Ал кәмелетке толмағандардың құқығы бұзылғаны туралы тиісті органдарға хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы оқу орындарының барлық қызметкері білуге тиіс.

Хабарламаларға жазылу