Павлодарда жаңа үйлердің іргетасы опырылып жатыр
Павлодардың дәл іргесіндегі Кенжекөл ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің іргетасы опырылып жатыр. Қос пәтерлі 22 үйді салуға 400 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Баспана көп балалы отбасылар мен оңтүстік аймақтардан қоныс аударғандарға берілді. Кейбірі биыл көшіп келген. Бірақ үй құлайды деп қорыққан тұрғындар енді бұл жерде тұрудан бас тартып жатыр. Үйдің асты суға толған.
Әлия Шахмарданова, көп балалы ана:
Үйдің астына су барғаннан кейін құлап кетеді деп қорқамыз. Мен өзім балаларым үшін өте қобалжимын. Өзім үшін де қорқамын. Қазіргі таңда мен Үкіметтен сұраймын, қайтадан мені үй кезегіне қойса екен. Бірақ ол кісілер айтып жатыр, кезекке қайта тұру үшін сотқа жүгіну керек деп.
Осы үйлерге былтыр қоныстанған тұрғындар қыс бойы тоңып шығыпты. Бірақ биліктен жәрдем күтпей-ақ жылу желісін өз қаражаттарына жөндеп алған. Ал әкімшілік алты ай бойы үйлерді салған мердігерді іздеген.
Асқар Әжмұрат, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:
Бір жылдай үйлер тұрып қалды. Қыстай жылу болған жоқ. Және қазір ақаулар шығып отыр. Оны қазір бізге сатқан мердігерді шақыртып алдық. Қазір ақау актісін жасап бүкіл ақауларды қалпына келтіреміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 13:23
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 13:15
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03