Маңғыстау облысында құрылыс материалдары қымбаттап, жұмыстар тоқтап қалған. Жергілікті құрылысшылар әкімдіктен көмек сұрауда. Мәжіліс депутаты Самат Мусабаев жергілікті биліктің бұл мәселені қарауға асықпауы құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізіп жатыр дейді. Енді қордаланған мәселелер сала министрлігі мен құрылыс істері комитеті мамандарымен бірлескен көшпелі мәжілісте талқыланбақ. Қазір ел аумағында қымбатшылыққа байланысты үш мыңнан астам нысанда құрылыс тоқтаған.
Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Құрылыстың құны қымбаттаған жағдайда оған тек қана жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуі керек. Егер аудит тексеріп, шындыққа жанасып, барлық маттериалдың қымбаттау әсері болып тұрған жағдайда, ол корректировкаға кету керек.
Сәбит Әлдебай