Қостанай облысы: Егістік алқаптарда зиянкестер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы: Егістік алқаптарда зиянкестер көбейді

23.08.2022

Қостанай облысындағы егістік алқаптарда септориоз және тат ауруы тарап жатыр. Өсімдіктер өткен жылы да осы ауруларға шалдығып, шаруалар біраз шығынға батқан. Ал биыл бұл аймақта бұрын болмаған бактериоз деген ауру анықталды. Одан бөлек бидай гүл кенесі, зығыр трипсі деген зиянкестер көбейді. Олардың бидайға ғана емес, майлы дақылдарға да келтіретін зардабы орасан. Аурулардың көбеюіне астықтың шетелден бақылаусыз жеткізілуі себеп, - дейді мамандар.

Дамир Қалдыбаев, Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибелік станцияның директоры:

Карантиндік қызмет өзінің жұмысын өте сапалы атқаруы тиіс. Құжатта тауарлы бидай деп көрсетіп, сырттан тұқым әкелетіндер бар. Оның бәрін тексеру мүмкін емес. Сондықтан тұқым түрін, көлемін бақылау жүйесін жетілдіру қажет. Қандай тұқымның қай жерге егілгені ерекше назарда болуы шарт.

Айдын Шәйкенов


Хабарламаларға жазылу