Қаңтар оқиғасы: Әлі 276 іс қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Әлі 276 іс қаралып жатыр

23.08.2022

Қаңтар оқиғасы бойынша бүгінге дейін ұзын саны 4642 қылмыстық іс қозғалса, 971 істің өндірісі аяқталып, 609-ы сотқа жолданды. 539 айыпталушыға үкім шығарылды. Оның 104-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар. Сондай-ақ, тергеушілер 40 мыңға жуық тергеу әрекеттерін жүргізіп, 15 мыңнан астам адамды жауапқа тартып, 2,5 мың сараптама тағайындаған. Ішкі істер министрлігі, Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов соттар да өз кезегінде тергеуге жәрдемдесіп, шығынды өтеген және істеген ісіне өкініш білдіргендерге жаза тағайындауда жеңілдік жасайтынын жеткізді.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:
Мемлекет басшысының жеңілдететін мән жайларды ескерудің маңыздылығын орындау аясында бұрын соттылығы жоқ, оң мінезделетін және шығынды өз еркімен өтеген 421 күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары қоғамнан оқшаулаумен байланысты болып өзгертілді. Орташа және онша ауыр емес қылмыс жасаған сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеген 35 күдіктіге қатысты қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен азаматтарға 360 млн теңгенің шығындары өтелді. Ал, қазіргі таңда ұрланған қару-жарақтың 873-і анықталып тәркіленсе, 2087 қару әлі де табылмаған.

Еркін Съез


қаңтар оқиғасы

Хабарламаларға жазылу