Елордада Дін көшбасшыларының VII съезіне дайындық жүріп жатыр
Қыркүйек айында елордада Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті VII съезі өтеді. Әлем үшін маңызды болып саналатын бұл шараның негізгі тақырыбы пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының рөлі туралы болмақ. Сонымен қатар мемлекеттердің орнықты дамуы мен бейбітшілігін жақтайтын рухани алаңда дін саласындағы түйткілді тақырыптар талқыланады. Сол үшін де ұйымдастырушылар форумның ел астанасында өткізілуі маңызды дейді.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі:
Бұл 7-съездің өтуі маңызды болып тұр. Тек қана Қазақстан үшін ғана емес, жалпы әлемдік деңгейде деп айтуға болады. Геосаяси жағдайдың шиелініскен тұсында, халықтар мен этностар арасындағы түсініспеушіліктер аясында дін басыларының бір үстел басында жиналуының өзі жетістік. Қазақстан тағы да бір рет әлемдік саяси, рухани аренада жаңа бір алаңы ретінде көрсетіп отыр. Бұл съезге біз үмітпен қарап отырғандай, басқа да мемлекеттер үмітпен қарап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 13:23
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 13:15
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03