Жеңілдетілген несие: Қостанайлық дихандар алғаш болып агротехникаға қол жеткізді
Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы қостанайлық дихандар алғаш болып агротехникаға қол жеткізді. «ҚазАгроҚаржының» Қостанайдағы филиалы бүгін 3 техниканы шаруақожалық иесіне тапсырды. Жауаптылар қазір әр өңірден 190-ға жуық өтініш түскенін айтты. Оларға берілетін техника құны 14 млрд теңгеден асады. Бағдарламаны іске асыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мың жарымнан аса трактор мен комбайн дайындап қойған. Сондықтан тапшылық болмайды дейді мамандар.
Әлібек Қарайдаров, "Қазагроқаржы" АҚ Қостанай облысы филиалының директоры:Негізгі борышын қайтару үшін жеңілдетілген кезең 1 жылға беріледі. Биыл осы бағдарлама бойынша 40 млрд теңге бөлінген. Сол қаражат бойынша біз құжаттың бәрін қарастырып қабылдаймыз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54