Елордадағы Заречный кенті жаңа мектепке зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Заречный кенті жаңа мектепке зәру

17.08.2022

Жаңа мектеп пен балабақша керек. Елордадағы Заречный ауданының тұрғындары билік өкілдерімен кездескенде осындай өзекті мәселелерді айтты. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Павел Казанцев пен депутат Елдос Абақанов тұрғындармен ашық диалог орнатып, әр мәселені рет-ретімен тыңдап талқылады. Ал мұндағы мектеп 34 жыл бұрын салынған. 400 балаға арналған, бірақ 800 оқушы білім алады. Ескі мектепке жөндеу жұмыстары істелмегелі он жылдан асқан. Енді жөндеу көрмейтін де сияқты. Өйткені жергілікті басшылық, бұл кентте жаңадан бірнеше мектеп және балабақша салыну жоспарланып отыр дейді. Тұрғындар бұдан да басқа ірілі-ұсақты проблемаларды айтты, ал депуттаттар барлығын қойын дәптерлеріне түртіп алып, алдағы уақытта оң шешімін шығаруға күш салатындарын жеткізді.

Елдос Абақанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз аймақтарға шыққандағы негізгі мақсат барлық проблемаларды тікелей естіп, оның қандай деңгейде шешу жолын ойластыру ғой. Сол себепті әр мәселеге байланысты біз өзімізге түртіп алып, қыркүйекте жұмысқа шыққанда әр сұрақ бойынша жеке-жеке жұмыс жасайтын боламыз.


Хабарламаларға жазылу