ШҚО-да жоғалған бала аман-есен табылды
Аутизммен ауыратын 12 жастағы жеткіншек түн ортасында үйінен шығып кеткен. Ата-анасы баласы өзі оралар деп бірден іздеу салмаған. Тек арада 10 сағат өткен соң ғана полицияға хабарласқан. Сол сәттен бастап полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Іздеуге кинологтар, еріктілер және қала тұрғындары да қосылды. Жалпы 600-ге жуық адам Темірлан тұратын саяжай аймағын толық барлап шықты. Тоқтаусыз іздеудің нәтижесінде бала бүгін ірі өндіріс нысандары шоғырланған аумақтағы бетін қамыс басқан шұңқырлардың бірінен табылды. Оны денсаулығын тексеру үшін бірден облыстық ана мен бола орталығына жеткізді.
Тілек Ерлікбеков, арнайы жасақ офицері:Бала өз еркіндігімен шықпайтынын байқадым. Шұңқырдан баланы алып шықтым. Дені сау. Аман-есен. Ата-анасына тапсырдым. Соған қуаныштымын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06