Өскеменде жоғалған 12 жастағы бала іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жоғалған 12 жастағы бала іздестірілуде

15.08.2022

Өскеменде аутизм дертіне шалдыққан 12 жастағы бала жоғалып кетті. Темірлан Ахмеджанов тамыздың 14-і күні үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған. Алайда ата-анасы полицияға арада біраз уақыт өткен соң қоңырау шалған. Жеткіншекті іздеу жұмыстарына жергілікті полиция және Ұлттық Ұланның сарбаздарын қосқанда 500-ден аса адам жұмылдырылды. Оған еріктілер де қосылды. Квадрокоптермен әуеден бақылау да жүргізілуде. Кешелі бері Темірлан Ахмеджанов тұратын бау-бақша серіктестігінің аумағын түгел тінтіп шықты. Сол маңдағы арық-атыз су өткізетін құбырларда қаралып жатыр. Аутизм дертіне шалдыққандықтан дұрыс сөйлей алмайды. Сондықтан өз есімін де дұрыс айта алмауы мүмін. Дегенмен баланың басқа он екі мүшесі сау. Іздеу жұмыстары ауқымды түрде ұйымдастырылса да әзріше нәтиже бермей тұр.

Татьяна Карпова, Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бүгінге дейін бланың өзі тұратын бау-бақша мен көрші саяжайлар толық қаралды. Полиция қызметкерлері әрбір үйді аралап шықты. Шеттегі саяжалардың көбі иесіз қаңырап бос тұрғандықтан ол да қиындық тудырып отыр. Бірақ оған қармастан іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ.


Хабарламаларға жазылу