Есірткімен күрес: Иісшіл иттердің көмегі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткімен күрес: Иісшіл иттердің көмегі көп

15.08.2022

Полицияға қолғабыс ететін иісшіл иттер күшік кезінен дайындалады. Осындағы 30-дан астам кинологтың әрқайсысына бір ит пен әлі үйретілмеген күшіктен бекітіліп беріледі.

Азамат Оразханов, кинолог:

Мақтау арқылы тамақ беріп үйретеді. Кейін уақыт өте келе іздеудің арақашықтығын ұзарта бастаймыз. Және азықтарын азайта бастаймыз. Соңында тек тамаққа ғана итті іздеуге үйретеміз. Басында осы тереторияның ішінде үйретсек, қазір сырт жаққа шағып, ұзақ қашықтықты іздеп жатыр.

Сақшы иттердің сезгіш қабілеті артуы үшін түрлі методика қолданылады. Олардың қызмет бағыттары да әртүрлі. Бірі жарылғыш заттарды анықтауға үйретілсе, бірі құтқару мен іздеу шараларына қатысады. Ал, кейбірі тек есірткі заттарын табуға дағдыланған.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Қазір біз жаттығу кезінде кішігірім эксперимент жасап жіберуді жөн көрдік, Қазір кинолог мамандар, есрткінің иісін алмастыратын осындай баламаны қолданады. Қазір біз осыны автобусқа жасырамыз. Қызметкердің есірткі затын қайда тыққанын ешкім көрген жоқ. Ит те көрмеді. Қазір алаңдап тұр. Ендеше жіберейік.

Жақында ғана осындағы «Феликс» атты иісшіл ит жоғалып кеткен екі баланы тауып алды. Мұндағы иісшіл иттер күрделі операцияларды орындауға да тартылады.

Рауан Дәулетов, Кинологиялық қызмет орталығы басшысының орынбасары:

Концерттер, спорттық жиындар болады. Күзетілетін тұлғалар болады. Сондай жерге де жарылғыш зат іздеуге дайындалған иттер шығады. Сол себептен біз бұл жерде ғана қызмет етпейміз, кезекшілікке шығамыз.

Қазір кинология орталығында 60-тан астам қызметші ит бар. Оларды күтіп баптайтын мамандардың саны биыл 20 пайызға артқан.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу