Алимент төлемегендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алматыда сот орындаушылары алименттен жалтарған борышкерлерден биыл 85 миллион теңге өндірген. Жыл басынан алимент төлеуден бас тартып, сот үкімін орындамаған 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бүгінде Алматы Әділет департаментінде борышкерлер бойынша 1800-ге жуық іс қаралуда.
Жаңабай Ағманов, Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары:
Қасақана жалтару фактілері бойынша 82 адамды әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Соның ішінде әкімшілік жаапкершілік 1 тәуліктен 5 тәулікке дейін қамау шарасы бар. Осыны қолданып отырмыз. Алты қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ соңғы жарты жылда 244 алматылық банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарызын өтей алмай, үйінен айрылған. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға көп. Демек, қазақстандықтардың қарызы көбейіп, оны төлей алмайтындардың қатары артқан.
Фариза Мұсақызы