Маңғыстауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейген
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейген. Соңғы аптада 211 адам ауырып, көрсеткіш 1,3 есе артты. Стационарда 19 адам ем алып жатыр, оның ішінде 7 жүкті әйел бар. Сондай-ақ 6 жеткіншек ауырып жатыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ. Көрсеткіш әсіресе Ақтау қаласында жоғары, 95 науқас тіркелген. Жалпы облыс бойынша шілде айында 465 адам вирус жұқтырды. Олардың тең жартысының вакцина алмағаны анықталып отыр. Маңғыстау облысы - жасыл аймақта.
Гүлнар Көркінбаева, Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Шілде айынан бастап әсіресе екінші, үшінші аптасынан бізде ауырғандар күрт өскендігі байқалады. 50 пайызға жуығы жұмыссыздар мен зейнеткерлер, және ұйымдаспаған балалардың арасында тіркеліп отыр. Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары арнайы профилактикалық вакцинация.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18