Бүгін Б. Хаменоваға қатысты сот отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Б. Хаменоваға қатысты сот отырысы өтеді

03.08.2022

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы болады. Бұған дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған алғашқы тыңдалым бүгін өтеді деп жоспарланған. Еске салайын, Хаменова құны 145 млн теңге тұратын Абай ескерткішін орнатуда мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін, мәдениет басқармасының басшысы екеуі 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп, өткен жылдың желтоқсан айында ұсталған еді. Бастапқыда сот оның жалғызбасты ана екенін және асырауында екі баласы мен қарт анасының барын ескеріп, үй қамаққа жіберген. Алайда прокуратура бұл шешіммен келіспей облыстық сотқа апеляциялық шағым түсіріп, нәтижесінде қайта қамалды. 8 айдай тергеу изоляторында отырған Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған. Ол бұл лауазымды қызметке екі жыл бұрын тағайындалды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу