Еркін күрестен қазақстандық балуандар әлем чемпионы атанды
Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржыны екі алтын жүлдемен толықты. Дарын Әскербек Италияның Рим қаласында өткен әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалда америкалық спортшыны тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды. Өзара белдесуде отандасымыз 11:10 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші чемпионымыз - Камил Куруглиев. Сенімді ойын көрсеткен ол финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Спортшыларымызды жанкүйерлері Алматы әуежайында күтіп алды.
Дарын Әскербек, еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы:
Мен үшін жарыс оңай болмады. Дайындық та жақсы болды. Бастысы, жарақатсыз өтті. Бұл тек бастамасы. Болашақта халықаралық аренада көк туымызды желбіреткіміз келеді.
Дәулет Тұрлыханов, Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті:
Еркін күрес құрама командасының жетістігі басқа командаларға үлкен өнеге. Ендігі мақсат - екі жылдан кейін өтетін жазғы Олимпиада ойындары. Соған бар күшімізді салып, дайындалып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06