Батысқазақстандық 277 тұрғын автокөліктеріне ерекше нөмір тапсырыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандық 277 тұрғын автокөліктеріне ерекше нөмір тапсырыс берген

01.08.2022

Батыс Қазақстада автокөліктеріне VIP номер тағатындар күрт көбейді.

Өңірде соңғы жарты жылда 277 адам ерекше нөмірге тапсырыс берген. Бұл шамамен 73 миллион теңгені құрайды. Мемлекеттік VIP нөмірлердің бағасы 175 мың теңгеден 873 мың аралығында.

Оралдағы Халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған орталық қызметкерлері соңғы кезде кейбір тұрғындар автокөліктеріне бірдей сан мен қоса біркелкі серия, яғни әріпі бар нөмер таққанды сәнге айналдырғанын айтады. Бұрын ерекше номерге тек аса қымбат көлік тізгіндейтін қалталы азаматтар ғана тапсырыс берсе, қазір қарапайым тұрғындарда алатын болған. Ал Қазақстанда көліктің мемлекеттік тіркеу номері 8576 теңге тұрады. Барлық топтағы мүгедектер үшін ол тегін. Бұл санаттағы азаматтар көлік салығынан да босатылған.


Хабарламаларға жазылу