Елде 516 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар.
Елде көпбалалы отбасының саны 516 мыңнан асады. Жыл басынан бері оларға 170 млрд теңге жәрдемақы берілді. 4 және одан да көп бірге тұратын, кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан, мемлекеттік қолдауға ие болады. Ал төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. Мысалы 4 балаға 50 мың теңге, 5 балаға 63 мың, 6 балаға 76 мың, 16 баласы бар отбасы 203 мың теңге алады. Демек, әр балаға 12 720 теңгеден беріледі.
Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері:
4 балаға – 50 975 теңге
5 балаға – 63 727 теңге
6 балаға – 76 479 теңге
7 балаға – 89 231 теңге
8 балаға – 101 760 теңге
9 балаға – 114 480 теңге
10 балаға – 127 200 теңге
11 балаға – 139 920 теңге
12 балаға – 152 640 теңге
13 балаға – 165 360 теңге
14 балаға – 178 080 теңге
15 балаға – 190 800 теңге
16 балаға – 203 520 теңге