Қазақстан мен Грузия: Екі ел арасында тауар айналымы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Грузия: Екі ел арасында тауар айналымы артады

27.07.2022

Қазақстан мен Грузия арасында өзара тауар айналымы ұлғаюының дәлелі ретінде алдағы төрт жылға арналған жол картасы бекітілді. Бүгін тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды. Яғни, келешекте екі ел арасында сауда-саттық көлемі артады. Қазірдің өзінде тауар айналымы 147 млн доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Жалпы сауда және жүк тасымалын кеңейту үшін екі ел арасында барлық мүмкіндік бар. Әлихан Смайылов ресми сапармен елге келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз барысында осылай деді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялар мен бизнес-байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік әлеуетін дамыту, жаңа әуе рейстерін ашу, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Оң динамиканы сақтау үшін бізде барлық мүмкіндіктер мен құралдар бар. Бүгін қол қойылған өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жол картасы екі ел арасындағы саудаға қосымша серпін беретініне сенімдімін.

Ираклий Гарибашвили, Грузья Премьер-Министрі:

Екі ел арасында сауда, инвестициялық және бизнес-ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Бірлескен жобалар аясында табысты кооперацияның көптеген мысалдары бар. Сонымен бірге біз екі ел экономикасын дамыту үшін одан да көп жұмыс жасай аламыз. Сондықтан жаңа мүмкіндіктер мен өзара тиімді бағыттарды қарастыру қажет.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу