Украинада астық тиелген кемелер жолға шығуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада астық тиелген кемелер жолға шығуы мүмкін

26.07.2022

Украинаның Қара теңіз жағалауындағы порттардан астық тиелген кемелер «бірнеше күнде» жолға шығуы мүмкін. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Фархан Хак мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина бидайын экспорттау туралы келісімге қол қойған барлық тараптар сол келісімді орындауға міндетті. Айта кетейік, тараптар жұма күні Ыстанбұлда ортақ мәмілеге келген болатын. Соңғы мәліметке қарағанда, Украина қоймаларында 20 миллион тоннадай астық жиналып қалған. Оларды шет мемлекеттерге жеткізуге қарулы қақтығыстар кедергі болып отыр.

Фархан Хак, БҰҰ өкілі:

Жасалған келісімдерге сәйкес, азық-түлік пен тыңайтқыш тиелген кемелердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Ол кемелер Украинаның үш портынан жолға шығуға тиіс: Одессадан, Черноморсктен және Южныйдан. Біз ең бастысы су көліктерінің жүруіне тиісті жағдай жасалғанына көз жеткізуге тиіспіз. Бұл талабымызға сәйкес келмеген жағдайлар сәтсіздікке ұшыратады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу