Украинада астық тиелген 68 кеме сапарға аттануға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада астық тиелген 68 кеме сапарға аттануға дайын

02.08.2022

Украинаның Одесса портынан 68 кеме сапарға аттануға әзір тұр. Олардың бортына 1,2 миллион тонна жүк тиелген. Мұны елдің теңіз порттары жөніндегі әкімшілігі хабарлады.

Су көліктерінің үштен екі бөлігінде бүкіл әлем жұрты күтіп отырған азық-түлік бар. Солардың 480 мың тоннасы – нан, сұйық май және жүгері. Өткен тәулікте Одессадан алғашқы кеме Ливанға жіберілді. Ол бүгін Ыстанбұмға жетуі керек. Киев пен Мәскеу Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түркияның арағайындығымен астық экспортын жандандыру туралы келісімге өткен айда қол қойды.

Айта кетсек, қарулы қақтығыс салдарынан бүгінде Украина қоймаларында 22 миллион тоннадай астық жиналып қалды. Оны халықаралық нарыққа жөнелтуге енді ғана мүмкіндік туып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу