БҰҰ: Бидай тасымалы жуық арада қайта жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Бидай тасымалы жуық арада қайта жанданады

26.07.2022

Украинаның Қара теңіз жағалауындағы порттардан астық тиелген кемелер бірнеше күнде жолға шығуы мүмкін. Мұны БҰҰ-ның өкілі Фархан Хак мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина бидайын экспорттау туралы келісімге қол қойған барлық тарап сол келісімді орындауға міндетті.

Айта кетейік, тараптар жұма күні Ыстамбұлда ортақ мәмілеге келген болатын.

Соңғы мәліметке қарағанда, Украина қоймаларында 20 миллион тоннадай астық жиналып қалған. Оларды шет мемлекеттерге жеткізуге қарулы қақтығыстар кедергі болып отыр.

Фархан Хак, БҰҰ өкілі:

Жасалған келісімдерге сәйкес, азық-түлік пен тыңайтқыш тиелген кемелердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Ол кемелер Украинаның үш портынан: Одесса, Черноморск және Южныйдан жолға шығуы тиіс. Біз, ең бастысы, су көліктерінің жүруіне тиісті жағдай жасалғанына көз жеткізуіміз керек. Бұл талабымызға сәйкес келмеген жағдайлар сәтсіздікке ұшыратады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу