«Астық келісімі» 22 қарашаға дейін жарамды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астық келісімі» 22 қарашаға дейін жарамды

17.11.2022

Қарулы қақтығыстарға қарамастан Украинада биыл 32 млннан тоннадан астам астық жиналды. Украина астығын тасымалдауға мүмкіндік беретін Стамбұл келісімі 22 қарашаға дейін ғана жарамды.

Аида Әбіл, тілші:

Астық тасымалына кепілдік беретін құжат 120 күнге, яғни 22 қарашаға дейін ғана жарамды. Одан кейін егер құжатқа қол қойған елдер келісімнен бас тартып, арнайы шықпаса, құжат кұшін жоймайды. Бірақ, Ресей бірнеше рет келісімнен шығамыз деп ескертті, сондықтан санаулы күннен кейін уағдаластықтың қалай өзгеретіні белгісіз. Жалпы, соғыс басталғаннан бері қара теңіз арқылы Украина порттарынан төрт жүзден астам астық тиелген кеме аман-есен шығарылды. Жиналған өнімнің он миллионы экспорт, қалғанын ішкі сұранысты өтеу үшін қалдырылды.

Украина астығы әлемнің отыз алты еліне жол тартқан, оның мол бөлігі Еуропа пен Азия және аштықтың алдында тұрған Африкаға жеткізілді. Дей тұрғанман, өткен жылы Украинада 86 млн тонна астық жиналған еді, биыл қарулы қақтығыс салдарынан бұл сан айтарлықтай аз. Бір ғана сұйық майды мысалға алсақ, өткен жылы 8 млн тоннадан астам шемішке жиналған, биылғы маусымда 4 млн тонна ғана. Салдарынан Еуропа елдерінде украиндық майдың дефициті - бағаның шарықтауына әкелді.


Хабарламаларға жазылу