Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қалалық кәсіпкерлер палатасымен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қалалық кәсіпкерлер палатасымен кездесу өткізді

21.07.2022

Мемлекеттік сектор мен шағын және орта бизнес арасында бюрократия тыйылар емес. Бұл сыбайлас жемқорлық фактілеріне алып келуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қалалық кәсіпкерлер палатасымен кездесу өткізді. Шара барысында мемлекеттік сектор мен бизнестің қарым-қатынасы сөз болды. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бағыттары талқыланды. Дөңгелек үстел форматында өткен шараға қалалық әкімдік өкілдері, кәсіпкерлер палатасы, қоғам белсенділері және бизнес өкілдері қатысты

Ирак Елекеев, Кәсіпкерлердің құқын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы:

Көбісі бізге арызбен келеді. Бірақ әрі қарай түрткілеп сұрасақ айтпайды. Оған әртүрлі себептер бар. Себебі біріншіден бизнесті жабу олардың қолында. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіне байланысты. Ең үлкен мәселе бұл жердегі көп азаматтардың жеңіл жолдарды тауып әрекет жасауы. Көп жерде осы мәселелердің бәрі жариялы түрде өту керек.

Сонымен қатар елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіп, тауарлар мен қызметтердің 1,4 млрд теңгеге дейін негізсіз көтергендерді анықтады.


Хабарламаларға жазылу