Ресейде көлік бағасы 60%-ға өсті
Ресейде көлік бағасы 60 пайызға өсті. Көрші елде соңғы аптада рубль күн санап құнсызданып барады. Оған не себеп?
Индира Бегайдар, тілші:
Соңғы айларда Ресейден 4 млнға жуық адам көшіп кеткен. Бұл ресми тіркелгені ғана. Сонымен қатар, елде мигрант саны да күрт азайды. Санкция салдарынан қымбатшылық жайлап барады. Баспана бағасы ең аз дегенде екі есе өскен. Құрылыс компаниялары жыл соңына дейін үй сату 80 пайызға дейін төмендейтінін айтады. Техника сататын дүкендер енді Өзбекстан мен Түркиядан тауар тасымалдауға көшті. Ұялы байланыс операторлары болса, өзге елдерден қолданылған телефондарды сатып алмақшы. Оған рұқсат етілді.
Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі:
Еуразиялық экономикалық одақ аясында радио-электроника сату үшін Ресейдің мемлекеттік сатып алу нарығына кіруге болады. Осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта комиссия тараптармен бірлесіп, тізімге енгізу үшін келісөөз жүргізуде.
Өзге елдермен байланыс үзілгелі дәрі тапшылығы анық байқалады. Әуе билеттерінің бағасы үш, төрт есе қымбаттаған. Ел үкіметі дағдарыспен күреске бағытталған арнайы бағдарлама қабылдады. Сарапшылар бір доллар 120 рубльге дейін баратынын айтып, дабыл қағуда.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
26.08.2026, 23:22
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09