Қатонқарағайда интернет байланысы нашар
Қатонқарағайда интернет жоқ. Ал Көкпекті мен Қарабау арасындағы 100 шақырым жол әбден тозған. Бұл мәселе Абай облысына арнайы барған Мәжіліс депутаттарымен болған кездесуде айтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік және кәсіпкерлік салада қордаланған проблемалар талқыланды. Жергілікті белсенділер заң жобаларына қатысты да пікірлерін ортаға салды. Көпшілік ел ішінде алаяқтықтың белең алғанын және осыған қатысты заңды қатаңдатуды сұрады.
Әмірхан Рахымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қатонқарағайға келгенде мүлдем 3 да, 2 G де жоқ. Мүлдем Е-ге ғана тоқталып тұрған. Халық бір-бірімен хабарласа алмайды. Осындай бір қиындық туып жатыр екен. Пандемия әлі тоқтаған жоқ. Өткен пандемияда оқушылар, көптеген студенттер мүлдем сабақ оқымаған сияқты. Өйткені олар үйлерінде отыратын болса онлайн жұмыс жасамаған. Интернет кейбір жерде істеп, кейбір жерде істемейтін болса, Қатонқарағайда мен барған аудандарда мүлдем істеген жоқ. Күні бүгінге шейін істеген жоқ.
Әмірхан Ахметжанов, Семей қалалық мәслихатының депутаты:
Қазір Қазақстанда алаяқтық өте көп кездеседі. Қазір көпшілігі компаниялар ашады, жұмыс істейді, кейін алдап кетеді. Міне, бұл тұрғыда біз алаяқтық туралы заңды күшейтуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06