Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды

12.07.2022

Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды. Елде Covid-19 вирусын жұқтырғандар санының өсуін ескере отырып, мегаполисте қосымша шаралар қолдану туралы шешім қабылданды. Оның ішінде науқаспен жақын байланыста болған адамдарды, вакциналауға қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылып отыр. Жалпы елімізде өткен тәулікті 500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды. Көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір ковидтан 3200-ден аса науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 16 адамның жағдайы ауыр. Сондай-ақ, Алматы қаласы «қызыл» аймаққа жақындап қалды. Қалған аймақтарда ахуал тұрақты.


Хабарламаларға жазылу