Тараздық кәсіпкерлер 55 мың техникалық байқау құжатын фотошоппен жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық кәсіпкерлер 55 мың техникалық байқау құжатын фотошоппен жасаған

08.07.2022

Тараздық кәсіпкерлер 55 мың техникалық байқау құжатын фотошоппен жасаған. Мұны облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті анықтады.

Қала бойынша 7 оператор ешбір ғимаратсыз, техникалық жабдықсыз тек онлайн форматта техникалық байқау жүргізген. Олар бірнеше жыл ішінде фотошоп бағдарламасын пайдалана отырып, автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін өзгертіп пайда тапқан. Жалған құжаттар тек Жамбыл облысында ғана емес еліміздің өзге де өңірлеріндегі көліктерге рәсімделіп келіпті. Ал, басқа операторлар автокөліксіз тексеріс өткізу мүмкін емес, сондықтан бұл нағыз алаяқтық, - дейді.

Еркеғали Жолдыбай, техникалық байқау орталығының иесі:

Көлік болмаса ол заңсыз. Заңсыз істелінеді. Оны бірақ қалай істеп жатқандарын біз білмейміз. Өйткені қазіргі тәртіптер бойынша машина келіп, тежегіш құралдың үстіне түспейінше ол бағдарлама ары қарай жұмыс жасамайды.

Заңсыздыққа көліктік бақылау инспекциясының жауапты мамандары жол берген. Өйткені олар операторлардың техникалық мүмкіндіктерін жіті тексеріп, уақытылы бақылау жүргізбеген. Сол себепті қызметіне салғырт қараған облыстық инспекция басшысы мен оның 3 қызметкері тәріптік жауапкершілікке тартылды. Ал жалған құжат жасаған кәсіпкерлерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу