Елшілер мен халықаралық ұйым өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Израиль және Әзербайжан елшіліктері мен Еуропалық Одақ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қазақстандықтарды наурыз мейрамымен құттықтады. Израиль әлемдегі инновация мен технология дамыған елдердің бірі ретінде белгілі.Ал Әзербайжан елінде Наурыз мейрамы ЮНЕСКО тізіміне енген мәдени мұралардың бірі.
Йоав Быстрицкий, Қазақстандағы Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті елшісі:
Наурыз – үміттің, жаңарудың және бірліктің мерекесі. Осы ерекше күн баршаңызға бейбітшілік, денсаулық және амандық әкелсін. Наурыз құтты болсын!
Гусейнова Нармин, Қазақстандағы Әзірбайжан елшілігінің үшінші хатшысы:
Әзірбайжан Елшілігінің атынан бауырлас Қазақстан халқына шын жүректен құттықтауымызды білдіреміз. Жаңарудың ежелгі бұл мерекесі сіздерге береке, бейбітшілік және елдеріміз арасындағы достықтың одан әрі нығаюын әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Еуропалық Одақ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы өкілдері де жылы лебіздерін білдірді. Еуропалық Одақ – 27 мемлекетті біріктіретін ірі экономикалық және саяси бірлестік. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы - қауіпсіздік, демократия және адам құқықтарын қорғауды мақсат ететін ірі халықаралық ұйымдардың бірі.
Алексей Рогов, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы:
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар офисінің атынан сіздерді шуақты көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке игі істерге шабыт беріп, Наурыздың құндылықтары – бейбітшілік, диалог және өзара құрмет – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қағидаттарымен үндес. Біз Қазақстанның сенім, ынтымақтастық және тұрақты дамуды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.
Алешка Симкич, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі:
Құрметті, қазақстандықтар! Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі ретінде баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бақыт, зор денсаулық пен молшылық тілеймін. Наурыз құтты болсын!
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10