Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелер бекітілді
Алматы облысында коронавирустың таралуына байланысты өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды. Ондағы талап 8-11 шілде аралығында, яғни құрбан айт кезінде сақталуы тиіс. Құжат бойынша малды көлікпен және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салынған. Мал сою арнайы рұқсат алған жерде және ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жасалуы керек. Qurban2022.kz сайтына өтініш бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуға да болады. Ал ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын-алу мақсатында, Алматы халқына мешіттер мен мейрамханаларда үйде дайындалған тамақты пайдаланбауға кеңес берілді. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында 11 мың студент тегін білім алып жатыр
31.03.2026, 13:24
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтағысы келеді
31.03.2026, 13:18
Бет-әлпетті бүркеуге болмайды
31.03.2026, 13:15
Алматыда кибералаяқтардан ₸700 миллион қайтарылды
31.03.2026, 13:12
Алматыға ірі дәрі-дәрмек партиясы заңсыз әкелінген
31.03.2026, 13:09
ҰҚК 118 қару тәркілеген
31.03.2026, 13:06
Өскемендегі қою тұман ұшақтарға кедергі келтіруде
31.03.2026, 13:03
Жетісу облысында тағы жер сілкінді
31.03.2026, 13:00