Өскемендегі қою тұман ұшақтарға кедергі келтіруде
Елдің шығысын кешеден бері қою тұман басып тұр. Салдарынан ұшақтар ұша алмай жатыр. Тек бүгін әр түрлі бағыттан Өскеменге келуі тиіс 8 рейстің уақыты кейінге шегерілді. Ал Астанадан Өскеменге бет алған ұшақ әуеге көтерілген соң қайта қонуға мәжбүр болған. Әуежай қызметкерлері ұшу-қону жолағы қою тұманнан мүлде көрінбей тұрғанын хабарлады. Алайда уақытымен ұша алмаған жолаушылар әуе компанияларының әуежайда жағдай жасамағанына шағымданып жатыр. Көбі билеттерін қайтарып алған. Өңірлік «Қазгидромет» орталығы тұман әлі де сейілмейтінін хабарлады. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілеріне әсіресе түнде ерекше сақ боуды ескертеді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16